Қауіпсіздік бәрінен де жоғары

Астана туралы

«Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес» Н.Ә. Назарбаев.

Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік және келісім сарайы Астананың назар аударалық орындарының бірі. Пирамида – түрлі діндердің, этностардың және мәдениеттердің, халықтың және мемлекеттің барлық әлемге ашықтығының символы, сондай-ақ дінтану мен дінге еріктіліктің орталығы болып табылады. «Бейбітшілік және келісім сарайын» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев салуды ойға алып Астана қаласында 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өтіп жатқан «Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайында» ұсынды. Бейбітшілік және келісім сарайы – пирамидасы «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар конгрессін» өткізу мақсатында сэр Норман Фостер сәулетшісімен салынды. Пирамиданың құрылысы 2006 жылы аяқталды. Оның негізін 61,80339887 метр болатын шаршы, биіктігі де 61,80339887 метр, ол өз қатарына «Фибоначчидің алтын кесіндісі» принциптеріне сәйкес келеді. Пирамиданың ауданы 28 мың ш.м., биіктігі 62 метр, негізі 62х62 ш.м. «Бейбітшілік және келісім сарайы» - заманауи құрылғылармен жабдықталған мәжіліс залдары, көрме аймақтары, сурет галереясы, презентациялық кешендер және басқалары. Бейбітшілік және келісім сарайында 2006 жылы 1 қыркүйекте Монтсеррат Кабалье ашқан 1500 орынға арналған концерттік зал бар. » «Хеопс Атриум» 2 мың ш.м астам ауданды алып, 4 галереямен жанасатын залы 1000-нан астам қонақтарды қарсы ала алады. Бұл галереяда «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі дамудың бас жоспары» орналасқан. «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы және «Шежіре» галереясы қала қонақтары мен тұрғындарын өнер туындыларымен таныстырады. Бұл залдарда Қазақстанның, алыс және жақын шетелдегі суретшілердің көрмелері және шығармашылық кештері өтеді. Пирамиданың төбесін Брайан Кларктың туындысы –қазақ дерінде мекендеген ұлттардың символы болатын 130 көгершіннің бейнесіндегі витражбен безендірілген. Бейбітшілік және Келісім сарайы қазақ жеріндегі достық, бірлік және бейбітшіліктің символы болып табылады.
Казань қаласындағы пирамида

Казань қаласындағы пирамида

Қаланың алғашқы заманауи мәдени-ойын-сауық кешені болатын 1996 жылы «Пирамида» объектісі бойынша жобалық жұмыстар басталды. 2002 жылы «Пирамида» МОК салтанатты ашылуы өтті. Ғимараттың биіктігі 31,5 метр ал ауданы 14400 ш.м. жеті деңгейден тұрып 2500 қонақтар мен 500 қызметшіні сыйдыра алады. Екі деңгейлік концерттік зал 1375 ш.м. ауданымен, барлық бұрыштарға теңінен бөлінген акустикасымен 1130 көрерменге арналған. Оның негізгі төменгі деңгейі ауыстырмалы жайлы орындықтар қатары өзгертіліп түрлі құрастыруларды құрай алады немесе мүлдем алып тастауға болады, ал екінші балкондар орналасқан екінші деңгей алты үлкен бөліктерге бөлінген, сондай-ақ өзгертіле алатын сахнаның ені 10 метр ал биіктігі 5 метр. Ғимарат ауқымда автономды энергия және жылу станциясымен қамтамасыз етілген және жоғары деңгейде автоматтандырылған. Ғимараттың сыртқы келбетінің архитектуралық бөлшектері хай-тек стилінде орындалған. Ғимараттың қырлары қара көк қалың шыныдан жасалып, биіктігі 22 метрлі панорамды сыртқы лифті бар. Түнгі көмескі жарыққа қоса прожектордың сәулесі кіріп жан-жаққа сәулесін түсірген кезде виртуалды аударылған пирамиданың пішінін келтіреді. Энергия және жылу станциясының биік мұнарасы алауы бар стелла түрінде болса, вентиляция кішігірім пирамида ретінде жасалған.
Пирамида «Luxor»

Пирамида «Luxor»

Пирамида «Luxor» - әлемдегі ең танымал қонақ үйлердің бірі. Луксор – бұл 4406 жайлы бөлмелер, 6 мейрамхана, Imax кинотеатры, бассейн, фитнес-орталығы. Осы барлық сән-салтанатты алып свинкс күзетіп тұр! Қонақ үй Мысырдың ежелгі қалаларының бірі Луксордың атымен қойылған. Оны кезінде гректер жүз қақпалы Фива деген. Интерьер мне экстерьердің барлық негізі дизайны ежелгі мысыр тақырыбында орындалған. Ғимарат сәулетші Велдон Симпсонмен жобаланды. Пирамида 30 қабаттан тұрады. Оның биіктігі 110 метр. Ол Хеопс пирамидасына аз ғана жетпейді (Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метр болды). Лас Вегастағы Луксор толығымен шынымен қапталып, күннің сәулесінде қара түсті болса, ай сәулесінде алтын түсті болып келеді. Пирамиданың алдында Свинкс жайғасқан. Пирамиданың төбесінде қуаты 315000 Ватт болатын прожектор орнатылған, оның жарығы үнемі аспанға бағытталған. Бұл әлемдегі ең жарқын сәуле және оны Неваданың кез-келген нүктесінен және ғарыштан көре алуға болады деп тұжырымдайды. Сәулеге көп ұсақ шыбындар жиналып алыстан қар ұшқынын бейнелейді.
Лувр пирамидасы

Лувр пирамидасы

«Үлкен Лувр» жобасы 1981 жылы Франсуа Миттеран (1981-1995 жж Франция Президенті) бастамасымен мұражай сарайды жаңарту және мұражайға кіру жолын кеңейту мақсатында жүзеге асырылды. Мұражайдың салтанатты ашылуы 1989 жылы 30 наурызда өтті. Пирамиданың архитекторы Массачусетс технологиялық университетінің, Гарвард магистрі Лео Минг Пей болды. Ол өзінің Бостондағы Джон Ханкок көп қабатты ғимаратымен, Джон Кеннеди кітапханасымен, Гонконгтегі 70 қабатты Қытай банкі ғимаратымен, Берлиндегі техникалық мұражайымен танымал. Оны кейінгі жетістігі Дохадағы (Катар) ислам өнерінің мұражайы. Пирамиданың ауданы 1000 ш.м., биіктігі 21,65 метр, ғимарат 95 тонна болаттан, 105 тонна алюминийден жасалған шасси және 673 шыны бөлшектерден тұрады. Пирамиданы қоршаған қалыптасқан аңыздардың бірі ол пирамиданың 666 шыны бөлшектерден, 666 жер асты Тәңірінің саны деген, сондықтан болар, бұл ғимаратты жер асты Тәңірінің қалауымен дүниеге келді деген аңыз бар. Бұл Дэн Браунның «Код да Винчи» кітабында жазылған. Негізі ресми деректер бойынша шыны бөлшектердің саны 673-ке тең. «Үлкен Лувр» жобасы және оның ашылуы Ұлы француз революциясының 200 жылдығына орайластырылды. Құрылыс кезінде мөлдір бір пішінді ақ шыныларды жасауда қиыншылықтар туындады. Сәулетшіге шыныларды жасыл түстес істеуге кеңес берілді. Алайда бұл пирамиданың мөлдірлігіне кедергі болар еді, оған сәулетші қарсы болды. Пейдің айтуы бойынша пирамида Кока-Кола шөлмегі сияқты болу керек.
Эйлат қаласындағы (Израиль) IMAX 3D пирамидасы

Эйлат қаласындағы (Израиль) IMAX 3D пирамидасы

IMAX 3D пирамидасы– өзінің архитектурасы бойынша ең ерекше кинотеатр болып табылады. Ғимараттың әрленімі 8 қабатты мөлдір ш.м. алаңы бар шыныдан жасалған пирамида пішінде орындалған. Оның ішінде кинозал балауыз мүсіндер мұражайы, мұз айдыны мейрамханалар бар.. Осы ауқымды ғимараттың сәулетшісі Зайдлер Робортс болып табылады. Ол дүниежүзіне өзінің Алманиядағы Медиапарк және Торонтодағы үкімет кешенімен танымал.

Please publish modules in offcanvas position.