Қауіпсіздік бәрінен де жоғары

Біздің жобалар

Алматы қаласындағы Республика сарайы

Сипаттамасы: Концерттер, фестивальдар және басқа да мәдени шаралар өткізу үшін жобаланып салынған объект. Ғимараттың көлемдік және кеңістік композициясы ортақ ауқымды  (10 мың шаршы метр) жабын астында кеңінен орналасқан оның ішкі көлемін толығымен қамтиды. Жабынның «Шатыры» 8 темір бетонды тіреуге орнатылып, ал қабырғалар құрылысының қоршауы жабынның түбіне жетпейтіндігінен оның аспанда қалқып тұрған бейнесін сипаттайды. 3000 орынға арналған, балконсыз және бір қабатты бірыңғай амфитеатр болып жобаланған көрермендер залы сарайдың орталық орны болып табылады. 

Республика сарайының түстері:  ақ (төбе), алтын (қабырғалар) және қызыл (креслолар) түстер түрінде шешім тапқан. Сарайдың вестибюлін, фойесін жобалау кезінде і, бас есік пен фойені 3 жақтан қоршайтын басты баспалдақтардың аралық деңгейін бірыңғайландыру арқылы әртүрлі деңгейдегі көп жоспарлы кеңістіктің үйлесімі болды. Бас фойені (биіктігі 13 м) ақ түсті люстра безендіріп тұр.

Мекен-жайы: Қазақстан, Астана қ. Абай көшесі
Сыйымдылығы: 3000 орын
Салынған жылы: 1970
Қайта өңделген жыл: 2011

Please publish modules in offcanvas position.