Қауіпсіздік бәрінен де жоғары

Компания туралы

Компания туралы

o kompanii

Биік және колонналы ғимараттарды, сондай-ақ ерекше имараттарды жобалау және салу, қауіпсіздікті сақтау және және аталған объектілердің жағдайын бақылау сияқты мәселелерді бірінші орынға шығарады. Бұл мәселелер автоматтандырылған  жүйені енгізу және ақпараттық технологияларды құрылыста қолдану арқылы нарықтың сегментін анықтады. Бұл мәселелерді шешу үшін әлемдік тәжірибеде ғимараттар мен имараттардың автоматтандырылған мониторинг жүйесі сәтті қолданылып келеді.

«Monitoring Systems Group» компаниясы Орта Азия өңірінде салынатын азаматтық және өндірістік объектілерді жоғары технологиялы автоматтандырылған мониторинг жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы құрылды.

«Monitoring Systems Group» компаниясының негізгі міндеттері ғимараттар мен имараттарға автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу бойынша жобаны толық сүйемелдеу және іске асыру болып табылады. Аталған жүйелерді іске асырудан бұрын компания сонымен қатар арнайы электрондық бақылау жүйелеріне қызмет көрсетумен қоса объектілердің анализін жүргізеді.
Бүгінгі күні компанияда жоғары маманданған инженер-жобалаушылар, автоматтандырылған жүйесін сынау және орнату инженерлері, БӨАжА (бақылап өлшейтін аспаптар және автоматика) инженерлері, ТҮ БАЖ (технологиялық үдерісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі) инженерлері және жобаны кешенді түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін монтажшылар қызмет етеді. Компания мамандары біліктілігін арттыру курстарынан үнемі өтіп компанияның дамуына өз біліктілігін және үлесін қосуға тырысады. Компанияның кеңсесі Астана қаласында орналасқан.

«Monitoring Systems Group» Қазақстан аумағында кең серіктестік желісі және B2B форматтағы ынтымақтастығында халықаралық тәжірибесі бар компания болып табылады. Қазақстандық 20-дан астам құрылыс компаниялары «Monitoring Systems Group» компаниясының техникалық шешімдерін автоматтандырылған мониторинг жүйесін пайдаланады.

Компания үшін негізгі құндылық болып біздің клиенттерге сапа жағынан олардың ойынан шығатын немесе асатын жоғары сапалы құралдарды және үздік қызмет көрсетуді ұсыну болып табылады. Біздің компания ҚР МС ИСО 14001-2006 және ҚР МС ИСО 9001-2009 сәйкес сертификаттанған.

Сапа саласындағы саясаттың негізгі принциптері:
Өнімдер мен қызметтердің сапасы өтім нарығындағы  бәсекелік талас біздің компания алдында тұрған негізгі міндет болып табылады. 

«MSG» сапа саласындағы өзінің ұзақ мерзімді саясатының негізі өз қызметінің барлық бағыттары яғни автоматтандыру, ақпараттандыру, телекоммуникация және метрология сондай-ақ:

- ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-құрылыстық жұмыстар, өнім шығару және жеткізуді;
- жобалауды;
- құрылыстық-монтаждық және орнату жұмыстарын жүргізуді;
- сервистік қызмет көрсетуді қосқандағы әлемдік сапа деңгейіне жетуді көздейді.

Өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттігін әлемдік нарықта арттыру болып табылады.
Тұтынушының сұраныстары мен талаптарын зерттеп максималды түрде қанағаттандыру және жаңа шешімдер ұсыну компанияның негізгі мақсаты болып табылады. Біздің компания ҚР СТ 14001-2006 және ИСО 9001-2008 сәйкес сертификатталған.

partneri

Please publish modules in offcanvas position.