Қауіпсіздік бәрінен де жоғары

Біздің жобалар

Алматы қаласындағы «Алатау» шаңғы және биатлонды кешендер стадионы

Сипаттамасы: Алматы қаласындағы «Алатау» шаңғы және биатлонды кешендер стадионы Талғар ауданында, «Солдатское» шатқалында, теңіз деңгейінен 1460 м- 1500 м биіктікте орналасқан. 

Бірінші жарыс VII Қысқы Азиада ойындарының бағдарламасы бойынша өтті. Шаңғы және биатлон жолдарын қосқандағы жалпы ауданы 47 гектар. Кешен 1900 отыруға және 1300 тұруға арналған орындары бар шаңғы және биатлон алаңдардан және әкімшілік ғимараттардан, биатлон алаңынан, биатлон ату алаңынан,  шаңғы және биатлон жолдарынан, аккредитациялау орталығынан, допинг бақылау пунктісінен, асханадан, қазандықтан, қойма орындарынан техникалық қызмет көрсету, жасанды қар жасауға мүмкіндік беретін қоры бар жасанды көлден тұрады. Кешен ең жоғары дәрежедегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы қ., Талғар ауданы
Сыйымдылығы: 3200 орын
Салынған жылы: 2010 ж.

Please publish modules in offcanvas position.