Қауіпсіздік бәрінен де жоғары

Біздің жобалар

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы 2014 жылы 2 шілдеде ашылды. Мұражай «Мәдени мұра» жобасының қорытындысы ретінде дүнеге келді. Қазақстандағы ең ірі мұражай болып саналады. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 га, құрылыс ауданы 74 000 ш.м., экспозиция ауданы 14 095 ш.м., қорлар ауданы 14 095 ш.м құрайды.

Мұражай мемлекеттің басты алаңында – Тәуелсіздік алаңында, Тәуелсіздік сарайының, Бейбітшілік және келісім сарайымен, «Хазрет Сұлтан» мешітінің және Ұлттық өнер институтының сәулет ансамбілімен керемет үйлесім тауып орналасқан. Мұражай ғимараты ерекше пішінімен көзге түседі. Ең ірі мұражай кешені 74 000 ш.м ауданды алып жеті блок ауыспалы қабаттылықпен алмасып тоғыз қабатқа дейін салынған. Экспозициялық ауданды 11 зал алып тұр, олардың жалпы ауданы 14 000 ш.м. құрайды.

Мекен-жайы: Казахстан, г. Астана, Тәуелсіздік алаңы
Салынған жылы: 2014

Please publish modules in offcanvas position.