Қауіпсіздік бәрінен де жоғары

Астана туралы

Триумфалды арка бұл салтанатты безендірілген ірі арка түріндегі сәулет ескерткіштерінің  бірі. Триумфалды аркаларды қаланың, көшенің кіреберісіне, көпірлерде ірі жолдарда жеңімпаздар немесе аса маңызды оқиғалар құрметіне орнатады. Триумфалды аркалар Ежелгі Римде пайда болып, жеңімпаздың салтанатты түрде қалаға кіруіне орай салынған.

«Мәңгілік ел» триумфалды аркасы

«Мәңгілік ел» триумфалды аркасы

"Мәңгілік ел" триумфалды аркасы Астана қаласында 2011 жылғы 16 желтоқсанда ашылды. Бас дизайнер Сағындық Жамболатов, сәулетші Қанат Қорғанов. Мемлекеттің 20 жылдық тәуелсіздігінің символы ретінде арканың биіктігі 20 метр, ал ені 13 метр. Арканың төбесінде қаланың көрінісін тамашалай алатын арнайы алаң ойластырылған. Ал Триумфалды арканың қасбетінде «Мәңгілік ел» жазуы бар. Арка қазақ оюларымен безендірілген. Фасадтардың түбінде ойшыл ақсақалдың, әйел ананың, орта ғасырлардағы батырдың және заманауи жауынгердің қола мүсіндері орнатылған. Арканың бүйір қуысында Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіндегі «Тайқазанның» көшірмесі орнатылған. Арканың қасбеті гранит пен мәрмәрдан жасалған, осы жолы жылы ашық түсті мәрмәрді қолданғанын атап өткен жөн. Триумфалды арканы екі жақтан автомобиль жолдарымен қоршалған. Келушілердің ыңғайына қарай жер астынан өтетін жол салынып, ол труимфалды арка лаңына және көлік қою алаңына шығарады.
Мәскеу триумфалды қақпасы (аркасы)

Мәскеу триумфалды қақпасы (аркасы)

Мәскеудегі триумфалды қақпа орыс халқының 1812 жылғы Отан соғысында жеңіске жеткендігі үшін орнатылды. Құрылыс 5 жылға созылып 1829-1834 жылдар аралығында салынды. Бұл қақпаны 1814 жылы орыс жауынгерлерін қарсы алу үшін салғандығын атап өткен жөн. Аталған қақпаның сәулетшілері Осип Иванович Бове, Иван Петрович Витали, Иван Тимофеевич Тимофеев болды. 1936 жылы жолды кеңейту мақсатында Белорус вокзалының қайта өңделуден өту себебімен триумфалды қақпа алынып тасталды. 1966 жылы қақпаны қайта орнату керек деп шешті, бірақ бұл жолы (Кутузов даңғылы) орнатылатын болды. Құрылыс 2 жыл созылып 1968 жылғы 6 қарашада Мәскеу қаласындағы триумфалды қақпаның құрылысы аяқталды. Триумфалды қақпа 16 тонна 12 метрлік 12 шойын колонналардан тұрады. Триумфалды қақпаның биіктігі 28 метр.
Париждегі триумфалды арка

Париждегі триумфалды арка

Наполеон Бонапарт 1806 жылы өзінің атағы өршіген кезінде Аустерлиц шайқасында орыс-австрия армиясын жеңгеннен кейін арканы салуға бұйрық берді Арка антикалық стильде Наполеон империясының және Ежелгі Римның байланысынының символы ретінде салынды. Бірақ, сәттілік Бонапарттан теріс бұрылып, Франция бұл соғыста жеңіліс тапты. Арканың құрылысы тоқтатылып, құрылыс 30 жылға 1836 жылға дейін созылып кетті. Арканың құрылысы Наполеон қайтыс болғанда аяқталды. Наполеонның табытын аркадан 1840 жылы қайта жерлеу рәсімінде арканың астынан өткізілді. Одан кейін арканың астынан көптеген жеңімпаз әскери жасақтар өтті. Бүгінгі таңда, арка әскери парадтар және басқа да салтанатты рәсімдер өткізу кезінде пайдаланылады. Сәулет Триумфалды арка тарихи және символикалық маңызы ғана емес сонымен қатар көркем, ауқымды және үйлесімді сәулет ескерткіші болып саналады. Ол өзінің ірі көлемімен (биіктігі – 49 м., ені – 44 м, күмбезі 29 м) және әсем безендіруімен ерекшеленеді. Арканы 100 гранит кісендеулі бағаналармен қоршалған, ол бұл оның Эльба аралынан қашып кету және Ватерлоо шайқасында жеңіліс тапқан Наполеонның 100 күн басшылықта болған уақытын білдіреді.
Барселонадағы триумфалды арка

Барселонадағы триумфалды арка

Триумфалды арка 1888 жылы EXPO-1888 Дүниежүзілік көрмесін өткізуге қатысты көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер мен қонақтарды қарсы алатын көрменің басты есігі және қала бағдары ретінде салынды. Триумфалды арканың жобалауына және құрылысымен айналысқан сәулетші Жузепе Виласека. Арка қызыл кірпіштен жасалып, биіктігі 30 метрге дейін жетеді. Арка мүсіндік композициялармен безендірілген. Оның төбе жағында Испанияның елтаңбасы, ал қалған қасбеттерде басқа аумақтардың таңбалары қоршалып орналасқан.
Санкт Петербург қаласындағы мәскеу триумфалды аркасы

Санкт Петербург қаласындағы мәскеу триумфалды аркасы

Мәскеу триумфалды қақпалары – триумфалды арка, 1834-1838 жылдары В.П. Стасовтың жобасы бойынша орыс-түрік соғысы (1828-1829) жеңіспен аяқталуына байланысты салынды. Арка Мәскеу және Лиговский қиылысындағы даңғылда, Мәскеу қақпасы алаңында орналасқан. Дәстүр бойынша қақпада император Николай І шығарған «Жеңімпаз Ресей әскері 1826, 1827, 1828, 1829, 1830, 1831 жж Персия, Түркия және Польша елдерімен шайқастағы көрсеткен ерліктері үшін» арнайы жазу болған. 1936 жылы қала орталығын Кеңес үйі жағындағы бас алаңнан оңтүстікке ауыстыру мақсатында Мәскеу қақпасын бұзып алып тастады. 1959-1960 жж. Қақпа бұрынғы орнына 1936 жылғы тарихи және сәулет ескерткіші ретінде қайта орнатылды. Қақпаның сәулетшілері Н.В. Петрова мен И.Г. Капцюг болды. Қақпа – шойын бөлшектерден тұратын әлемдегі ең ірі сәулет құрылысы. Қақпаның биіктігі 24 метр, ал ұзындығы 36 метр. Колонналардың биіктігі 15 метр, диаметрі 2 метр. .
Нарв триумфалды қақпасы

Нарв триумфалды қақпасы

Нарв қақпалары 1812 жылғы Отан соғысында француздарды жеңгені үшін салынған болатын. Нарв қақпасының биіктігі 23 метр, ал Жеңіс мүсінімен қосқанда 30 метрден асады. Ескерткіштің ені 28 метр, арканың ені 8 метрден асады, оның күмбезі 15 метр. Колонналардың биіктігі 10 метр олардың диаметрі 1 метр. Жобаны Василий Петрович Стасов басқарды. Негізінде ол Кваренгидың ойын сақтап 1827 жылы тамыз айының соңына Бородино шайқасының мерейтойына орай бірінші тасы салынды. Нарв қақпасы жобасының ерекшелігі болып оның қызыл кірпіштен құралып мыс табақшаларымен қоршалғанында. Мыс табақшаларынан мүсіндік ансамбль: алты ат (мүсіншісі Петр КАровұлы Клодт) және Даңқ мүсіні (мүсіншісі Степан Степанұлы Пименов) .
Титтің триумфалды аркасы

Титтің триумфалды аркасы

Титтің триумфалды аркасы дүниежүзіндегі аркаларға негіз болған ең алғашқы аркалардың бірі болып табылады.Титтің триумфалды аркасы – ежелгі қаситетті жолда орналасқан бір аралықты арка болып табылады. Арка Титтің кіші інісі Домицианмен б.э 81 жылы Тит дүние аударған кейін, б.э. 70 жылы Иерусалимді алудағы Тит әскерінің жеңісі құрметіне салынды. Монументтің биіктігі 15,4 м, ені 13,5 м, аралықтың тереңдігі,4,75 м, ені 5,33 м. Тит триумфалды аркасының негізгі ернеудің үстінде орналасқан бір бөлігінде арка Тит пен Веспасианға арналған деген жазу бар. Орта ғасырларда Титтің триумфалды аркасы қорған болғандықтан арканы безендіріп тұрған көптеген мүсіндер жоғалды. XIX ғасырда арканың қасбеті қайта өңделу керектігі шешілді. Қайта өңделу сәулетші Джузеппе Валадьемен 1821 жылы орындалды. Сәулетші мәрмәрдың орнына травертинді өзі қайта өңдеген бөліктерді айқындау үшін қолданды, ол өз қатарына ежелгі түпнұсқадан әлдақайда өзгеше болды.

Please publish modules in offcanvas position.